Жаңалықтар

Ресейде Пермь университетіндегі атыстан қайтыс болғандардың тізімі жарияланды

Жарақат алғандардың арасында Ирак студенті бар

Ресейдің Перьм қаласындағы ЖОО –да болған атыстан мерт болғандардың тізімі жарияланды, деп хабарлайды «Хабар 24» сайты.

Қайтыс болғандардың ішінде үлкені 66 жастағы әйел, ең жасы 18 жастағы студент. Атыс болған кезде жарақат алғандардың арасында Ирак студенті бар. 

Оқ атқан Тимур Бекмансуровтың әкесі баласының ешкіммен араласпай, үнемі компьютер алдында отырғанын айтты. 

Кеше 18 жастағы Тимур Бекмансуров университетте оқ атып, 6 адам қайтыс болды.  20-дан астам адам жарақат алды. Қазіргі уақытта 9 адам ауруханада ауыр хәлде жатыр.