Қазақстанда ПТР-тестінің оң нәтижесі бар коронавирус бойынша өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 2 411 жағдай тіркелді. Бұл туралы ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК жұмысы туралы шұғыл ресми Telegram каналы хабарлады.
Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 867 366 жетті.
Оның ішінде:
Нұр-Сұлтан қаласында – 187,
Алматы қаласында – 498,
Шымкент қаласында – 99,
Ақмола облысында – 148,
Ақтөбе облысында – 118,
Алматы облысында – 232,
Атырау облысында – 61,
Шығыс Қазақстан облысында – 103,
Жамбыл облысында – 53,
Батыс Қазақстан облысында -55,
Қарағанды облысында – 396,
Қостанай облысында – 102,
Қызылорда облысында – 45,
Маңғыстау облысында – 18,
Павлодар облысында – 188,
Солтүстік Қазақстан облысында – 78,
Түркістан облысында – 30.