Жаңалықтар

Елордада жылыту маусымы 23 қыркүйекте басталады

Қалада әлеуметтік нысандардың дайындығы 100% құрайды

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов елордада 2021-2022 жылдардағы жылу беру маусымының басталуы туралы қаулыға қол қойды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Қаулыға сәйкес, 2021-2022 жылдардағы жылу беру маусымы Нұр-Сұлтанда 23 қыркүйектен басталады.

Еске сала кетейік, елордада кейбір әлеуметтік нысандар өтініштер негізінде жылу беру жүйесіне қосылған болатын. Оның ішінде медициналық мекемелер, білім беру нысандары, балабақшалар және т.б. әлеуметтік нысандардың дайындығы 100% құрайды.

Сондай-ақ, елді мекендерді газдандыру, жылу электр орталықтарын жаңғырту, ЖЭО су жылыту қазандықтарын газға ауыстыру жұмыстары жалғасуда. Жеке сектор тұрғындары үшін қаланың барлық ауданында көмір сататын компаниялар белгіленді. Қатты отынды сатып алу кезінде дүрлігуге және алыпсатарлыққа жол бермес үшін қоймаларда жеткілікті қор көлемі бар.