Қазақстаннан 16 елге тұрақты рейстер орындалады

Жарияланды
Рейстерді орындау осы көрсетілген елдердің тиісті уәкілетті органдарымен келісіледі

2021 жылғы 21 қыркүйектен бастап аптасына 114 рейспен 16 елмен арада орындалатын тұрақты халықаралық рейстер санын ұлғайтуға, жаңартуға және ашуға рұқсат етілді. Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия осындай шешім қабылдады.  Бұл туралы ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Telegram каналы хабарлады. 

Атап айтқанда, Ресеймен арада 54 рейс, Түркиямен – 7, БАӘ-мен – 9, Өзбекстанмен – 5, Германиямен – 5, Мальдивпен – 3, Кореямен – 6, Польшамен – 2, Венгриямен – 1; Сауд Арабиясымен – 1 рейс орындалады.  Чехиямен аптасына 2 рет, Қытаймен аптасына 8 рейс, Әзірбайжанмен аптасына 3 рейс тұрақты түрде ұшатын болды.

Сондай-ақ тұрақты рейстер Италиямен аптасына 2 рет, Шри-Ланкамен аптасына 3 рет, Кувейтпен аптасына 3 рет орындалады.

Қазіргі уақытта әуе компаниялары ұшу кестесін құрып жатыр.

Рейстерді орындау осы көрсетілген елдердің тиісті уәкілетті органдарымен келісіледі.

Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуе компанияларының сайттарында жарияланған кестеге сәйкес орындалады.
 

Сондай-ақ оқыңыз