Өзгенің атынан несие рәсімдейтін алаяқтар артуда
Жарияланды
Теміртаулықтың атынан 4,2 млн теңге несие алған алаяқ анықталды
Теміртаулықтың атынан 4,2 млн теңге несие рәсімдеген алаяқ анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz сайты.
Жәбірленуші қыз алаяқ болып шыққан жас жігітті кездестіргенін айтты. Жәбірленушінің сенгіштігін пайдаланып, ол өзінің мүддесі үшін қыздың жеке деректері арқылы несие алған. Күдікті жеті банктен 3 миллион 500 мың теңгеге несие және 18 микроқаржы ұйымдарынан 731 мың теңгеге ақша алған.
Жалпы шығын көлемі 4 млн 231 мың теңгені құрады.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 190-бабы (Алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдікті – Қарағанды қаласының 26 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Ол қылмысын мойындады. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр