Жаңалықтар

Павлодарда жеті жасар балада коронавирустың «нигериялық» штаммы анықталды

Баланың бүкіл отбасы «нигериялық» Eta штаммымен ауырған болуы мүмкін

Павлодарда жеті жасар балада коронавирустың «нигериялық» штаммы анықталды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz сайты.

Баланың бүкіл отбасы «нигериялық» Eta  штаммымен ауырған болуы мүмкін.

Бұл болжамды өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Айдар Ситқазинов айтты.

 «Біз сараптаманы  осы отбасынан бір адамнан алдық, бұл штамм балада анықталды», – деді спикер. 

 «Алматыға референттік зертханаға бес зертханалық сынақ жіберілді, онда үш дельта коронавирусының және бір Eta мен бір альфа штаммы анықталды», – деп жалғастырды облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы.