Жаңалықтар

Ресейдің туристік компаниялары Еуропалық одақ елдерінде «вакцинация турларын» ашты

Туристер ДСҰ мақұлдаған препараттармен вакцинация курсынан өте алады

Вакцина үшін- Еуропаға. Ресейдің туристік компаниялары Еуропалық одақ елдерінде коронавирусқа қарсы «вакцинация турларын» ашты. Туристер ДСҰ мақұлдаған препараттармен вакцинация курсынан өте алады, – деп хабарлады Ресей туроператорлар қауымдастығының атқарушы директоры Майя Ломидзе. Көбінесе вакцинация үшін Сербия ұсынылады. Бұл туралы ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК жұмысы туралы шұғыл ресми Telegram каналы хабарлады.

  «Сербия шетелдік азаматтарды Pfizer, BioNTech, Astra Zeneca, Sinopharm препараттарымен тегін вакцинациялайды. Сонымен қатар, Балқан бағытында ресейліктерге визасыз кіру және ашық әуе қатынасы бар. Белградқа тұрақты рейстер Мәскеу мен Санкт-Петербургтен жүзеге асырылады», – деді Ломидзе.  

 Сондай-ақ, Германияға да баруға болады. Мюнхендегі Pfizer/Biontech вакцинациясы-бір доза үшін 580 Евро, Баден-Бадендегі Джонсон мен Джонсон – 870 Евро. Көрсетілген бағаға вакцинация және медициналық шақыруды рәсімдеу кіреді. 

Апеннин түбегінің билігі туристерге шектеулер қойды. Италияның тау шаңғысы курорттарына COVID-сертификаттары, ПТР тестілері және аурудан сауыққандығы туралы анықтамаларсыз кіруге рұқсат етілмейді. Осы маусымда шаңғымен сырғанау үшін сізде «антикоронавирустық сертификат» болуы керек. Тек ЕО-да сертификатталған вакциналар ғана ескеріледі. Ресми мәліметтер бойынша, COVID-19 тасымалдаушыларының жалпы саны 4 645 853 құрайды — ел халқының 7,5% – дан астамы. Бірінші және екінші дозаны 41 428 259 адам алды, бұл Италия халқының 68,78% құрайды.