Елімізде бір тәулікте 2 537 адамда індет анықталды
Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 2 537 жағдай тіркелді. Бұл туралы ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК жұмысы туралы шұғыл ресми Telegram каналы хабарлады.
Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 872 596 жетті.
Оның ішінде:
Нұр-Сұлтан қаласында – 181,
Алматы қаласында – 547,
Шымкент қаласында – 122,
Ақмола облысында – 128,
Ақтөбе облысында – 137,
Алматы облысында – 270,
Атырау облысында – 68,
Шығыс Қазақстан облысында – 118,
Жамбыл облысында – 58,
Батыс Қазақстан облысында -84,
Қарағанды облысында – 340,
Қостанай облысында – 104,
Қызылорда облысында – 62,
Маңғыстау облысында – 23,
Павлодар облысында – 190,
Солтүстік Қазақстан облысында – 71,
Түркістан облысында – 34.
Қазақстанда 3 673 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты
24 қыркүйектегі мәлімет бойынша 65 098 адам коронавирус инфекциясынан (56 297 КВИ+ және 8 801 КВИ-) емделуде, олардың ішінде
11 576 пациент стационарда,
53 522 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
905 адамның жағдайы ауыр,
241 пациенттің жағдайы өте ауыр,
106 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.