Коронавирус таратқан вьетнамдық 30 айға бас бостандығынан айырылды

Жарияланды
Онымен байланыста болған төрт адам да індет жұқтырды

Рим тұрғындары электронды COVID сертификаттарына қарсы наразылық акциясына шықты. Акцияға мыңнан астам адам қатысты. Демонстрацияны ұйымдастырушылар No paura day («қорқынышсыз күн») ірі транспарантымен шықты. Италияда электронды сертификаттар жүйесі тамыз айынан бастап жұмыс істейді. Бұл туралы  ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК жұмысы туралы шұғыл ресми Telegram каналы хабарлады.

 Үндістанда коронавирусқа қарсы вакциналанғандар саны 850 миллионнан асты, елдің Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша 225,2 миллионнан астам адам препараттың екі дозасын да алды және толық егілді деп саналады. Дәрігерлер ересек тұрғындардың шамамен 70% – ын кем дегенде бір дозамен вакцинациялады, ересектердің 30% – дан астамы толығымен егілді.

Коронавирус инфекциясын таратқан вьетнамдық 30 айға бас бостандығынан айырылды. Ер адам оқшаулану талаптарын орындаудан бас тартты, ол қалада жүріп қана қоймай, еске алу шарасына да қатысқан. Вьетнамдық бұл тұрғынмен байланыста болған төрт адам да COVID-19 жұқтырды.
 

Сондай-ақ оқыңыз