«Пәтер алып беремін»: Алаяқтар күн санап артуда
Жарияланды
Алаяққа сенген шымкенттік тұрғын 2 млн теңгесінен айырылды
Шымкенттік тұрғын екі миллион теңгесінен айырылды, деп хабарлайды Polisia.kz сайты.
Әл-Фараби ауданының Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында жеке тұлға пәтер алып беремін деп сеніміне кіріп, алаяқтық жолмен 2 миллион теңге ақшасын алып, алдап кеткендігін көрсеткен.
Аталған жайт бойынша Әл-Фараби аудандық Полиция басқармасы криминалдық полиция бөлімі қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс-шарасын жүргізу барысында алаяқты анықтап, тиісті басқармаға жеткізді.
Оның басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.