Жаңалықтар

«Пәтер алып беремін»: Алаяқтар күн санап артуда

Алаяққа сенген шымкенттік тұрғын 2 млн теңгесінен айырылды

Шымкенттік тұрғын екі миллион теңгесінен айырылды, деп хабарлайды Polisia.kz сайты. 

Әл-Фараби ауданының Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында жеке тұлға пәтер алып беремін деп сеніміне кіріп, алаяқтық жолмен 2 миллион теңге ақшасын алып, алдап кеткендігін көрсеткен. 

Аталған жайт бойынша Әл-Фараби аудандық Полиция басқармасы криминалдық полиция бөлімі қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс-шарасын жүргізу барысында алаяқты анықтап, тиісті басқармаға жеткізді.

Оның басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.