Жаңалықтар

Дамыған елдерде орташа өмір сүру ұзақтығының рекордтық төмендеу көрсеткіші тіркелді

АҚШ-та әсіресе ер адамдар арасында көп байқалады

Дамыған елдерде орташа өмір сүру ұзақтығының рекордтық төмендеу көрсеткіші тіркелді.Бұл туралы  ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК жұмысы туралы шұғыл ресми Telegram каналы хабарлады.

АҚШ-та әсіресе ер адамдар арасында көп байқалады: 2019 жылмен салыстырғанда 2,2-ге азайды, зерттеу авторларының айтуынша, өмір сүру ұзақтығын арттырудағы барлық жетістіктер 2020 жылы жойылуға шақ қалды. 

Таиланд Бангкок пен провинциялардың вакцинацияланған саяхатшылар үшін ашылуын қарашаға ауыстырды. 16 маусымда елдің премьер-министрі вакцинацияланған саяхатшыларға елге кіруге рұқсат берудің 120 күндік мерзімін белгіледі. Патшалықтың ашылуына бірден-бір себеп болып табылатын халықты толық вакцинациялауға уақыттың өте тығыз екендігін мәлімдеді.

Болгария билігі вакцинаның үшінші дозасын үдеткіш (көмекші) ретінде вакцинациялауға рұқсат берді. Вакцинация пункттерінде ұсынылатын препараттардың біреуінің екі дозасын алған азаматтардың жалпы саны 1,3 миллионнан асты, бұл халықтың шамамен 20% құрайды. Елде қазан айының соңына дейін иөтенше эпидемиологиялық жағдай режимі ұзартылды.