Павлодарлық дәрігерлер әлемге әйгілі Джонс Хопкинс университеті медицина мектебінің ғылыми қызметкерлері ұйымдастарған онлайн оқудан өтті.
Кездесу барысында медицина ғылымдарының докторы, америкалық маман Бенджамин Боднар коронавирустық инфекцияны емдеу жолдарын айтып, әдістерін түсіндірді. Мәселен, тромбоздың жоғары қауіптілігі, жүрек ауруы, қант диабеті, семіздік сияқты сырқаттары бар науқастарды COVID-19-дан емдеу кезінде қандай дәрі-дәрмек пен антикоагулянттарды қолдану қажет екенін айтты.
«Медициналық-инновациялық технологиялар» компаниясының медициналық директоры Гаухар Әбділдина Джонс Хопкинс университетінің бұл бағыттағы тәжірибесі мол екенін тілге тиек етті.
«Бұл медициналық орталықтағы науқастар саны Қазақстанға тұрғындардың санына таяу. Сондықтан мұнда бүкіл әлемнен жиналған ақпараттар топтасады. Олардың жеке тәжірибесі де мол. Онлайн оқу павлодарлық дәрігерлерге үлкен сабақ болды деп ойлаймын, – дейді Гаухар Әбділдина.
Мұндай семинарлар алғаш рет ҚР Денсаулық сақтау министрлігі қызметкерлері үшін ұйымдастырылған болатын. Кейін Алматы қаласының медициналық мамандары да шетелдік әріптестермен тәжірибе алмасты. Содан соң кезек павлодарлық ақ халаттыларға келді.