Димаш Құдайберген Қытайға оралғанын хабарлады
Димаш Құдайберген Қытайға оралу туралы шешімін Instagram-дағы kudaibergenov.dimash
парақшасында хабарлады.
«Достар, мен 2 жылдан кейін әлемдік шоу -бизнестегі жұмысымды жалғастыру үшін Қытайға қайттым деген жаңалықпен бөліскім келеді. Әлемдік карантинге байланысты бұл кездесуді 2 жыл күтуге тура келді.
Мен бір айға жуық оқшаулануда болдым және осы уақыт ішінде мен Қытайдағы командаммен бірге жүзеге асыратын көптеген жоспарлар дайындадым.
Мен сонымен қатар әлемнің барлық елдеріндегі түрлі концерттер мен телебағдарламаларға қатысамын (егер карантинге байланысты концерт өткізуге және телебағдарламалар түсіруге тыйым салынбаса).
Иә, бүкіл әлем бойынша карантин менің жоспарларыма әсер етті, бірақ бұдан былай мен сізді өз шығармашылығыммен одан сайын қуантамын. Сіздерді жақсы көрем!»,-деді әнші.