Еліміздің неше өңірі «қызыл» аймақта
Жарияланды
Жасыл аймаққа еліміздің 4 өңірі өтті
2021 жылғы 29 қыркүйектегі жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы бойын 5 өңір қызыл аймақта. Бұл туралы ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК жұмысы туралы шұғыл ресми Telegram каналы хабарлады.
«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола,Қарағанды, Павлодар облыстары.
«Сары» аймақта : Шымкент қаласы, Атырау, Алматы, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары.
«Жасыл» аймақта: Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау, Қызылорда облыстары.