Tesla бас директоры Илон Маск әлемдегі ең бай адамдар тізімінде бірінші орынды иеленді. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.
Кәсіпкер Илон Маск әлемдегі ең бай адамдар рейтингісінің бірінші қатарына қайта оралды.
Сонымен қатар, оның байлығы Forbes Real-Time мәліметі бойынша алғаш рет 200 миллиард доллардан асты.
Осылайша, бір күнде SpaceX негізін қалаушы және Tesla бас директоры 3,8 миллиард долларға байыды – оның 27 қыркүйектегі сауда жабылуындағы байлығы 203,4 миллиардқа бағаланды.