Макронға жұмыртқа лақтырған студент психиатриялық ауруханаға түсті

Жарияланды
Студент Лион маңындағы ауруханаға жатқызылды

Франция президенті Эммануэль Макронға жұмыртқа лақтырған студент психиатриялық ауруханаға мәжбүрлі емделуге жіберілді, деп хабарлайды radiosputnik.ria.ru.

Президент Лиондағы көрмеге барған кезде 19 жастағы студент Макронға жұмыртқа лақтырып: «Революция жасасын!», деді.

Күзетшілер жас жігітті ұстады, прокуратураның өтініші бойынша ол психиатрларға тексеруге жіберілді. Тексеруден кейін студент Лион маңындағы ауруханаға жатқызылды.

 

Сондай-ақ оқыңыз