Франция президенті Эммануэль Макронға жұмыртқа лақтырған студент психиатриялық ауруханаға мәжбүрлі емделуге жіберілді, деп хабарлайды radiosputnik.ria.ru.
Президент Лиондағы көрмеге барған кезде 19 жастағы студент Макронға жұмыртқа лақтырып: «Революция жасасын!», деді.
Күзетшілер жас жігітті ұстады, прокуратураның өтініші бойынша ол психиатрларға тексеруге жіберілді. Тексеруден кейін студент Лион маңындағы ауруханаға жатқызылды.