Өзбекстанда 12 жастан асқан балаларды індетке қарсы вакциналауға рұқсат берді
Өзбекстан билігі 12 жастан асқан балаларды covid-19 инфекциясына қарсы вакциналауға рұқсат берді.Бұл туралы ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК жұмысы туралы шұғыл ресми Telegram каналы хабарлады.
Жасөспірімдерді вакцинациялау үшін Pfizer препараты қолданылады. Шешімді Өзбекстанның Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері және Ұлттық техникалық иммунологиялық сараптамасы мақұлдады.
«12-15 жас аралығындағы балалар қатысқан Pfizer вакцинасының шетелде жүргізілген клиникалық зерттеулерінің нәтижелері оның жоғары тиімділігі мен қауіпсіздігін көрсетті», – делінген Үкімет хабарламасында.
Кәмелетке толмағандарды вакцинациялау олардың ата-аналарының немесе қамқоршыларының рұқсатымен ғана жүргізілетін болады. Вакцинациядан бұрын балалар тиісті медициналық тексеруден өтуі керек.