Еуропадағы ең бай елдердің бірі барлық антиковидтік шектеулерді алып тастау туралы шешім қабылдады. Бұл туралы ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК жұмысы туралы шұғыл ресми Telegram каналы хабарлады.
Швеция Үкіметі вакцинацияның жоғары деңгейіне байланысты карантиндік шараларды алуда. Егілмеген азаматтарға қашықтықты сақтау және адамдар көп жиналатын іс-шаралардан бас тарту ұсынылады. Енді бұқаралық іс-шараларды өткізуге рұқсат етіледі және қашықтан жұмыс істеу туралы ұсыныс тоқтатылады.
«Қазір жүргізіліп жатқан барлық шаралар Швецияда вакцинацияның жоғары деңгейіне негізделген. Егер Сіз әлі де вакцинацияланбаған болсаңыз, оны кезек күттірмей дәл қазір жасау керек», – деді Швецияның Бас мемлекеттік эпидемиологы Андерс Тегнелл.