Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Шығыс Қазақстан облысына барды. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.
Сапардың мақсаты – Ақтоғай кен байыту кешенін кеңейту жөніндегі жобаның қорытындыларымен танысу.
Мемлекет басшысы өндіріс нысанының инфрақұрылымын аралап көріп, кәсіпорын базасында ашылған екінші кен байыту фабрикасының жұмысын ресми түрде бастауға рұқсат береді.