Дамушы нарықтар валюталарының серпіні көбінесе теріс болды

Жарияланды
China Evergrande Group қарыз проблемалары мен АҚШ долларының жаһандық нығаюы теріс әсер етті

Сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 қазанда теңгенің нарықтық бағамы бір апта ішінде 0,5%-ға (423,91 теңгеден) әлсіреп, бір АҚШ доллары үшін 425,94 теңге деңгейінде қалыптасты.Бұл туралы ҚР Ұлттық Банк баспасөз қызметі хабарлады.

China Evergrande Group қытай құрылысшысының борыштық проблемалары мен АҚШ қазынашылық облигациялары кірістілігінің өсе түсуіне байланысты АҚШ долларының жаһандық нығаюы аясында дамушы нарықтар валюталарының серпіні көбінесе теріс болды.

Сонымен қатар, облигациялар бойынша дефолтты болдырмау үшін АҚШ мемлекеттік борышының лимитін арттыруға қатысты мәселе инвесторлардың тәуекел-сентиментіне теріс әсер етеді.

Дамушы елдер валюталарының АҚШ долларына қатысты бағамдарының[1] серпіні төмендегідей қалыптасты:Оңтүстік Африка ранды елдегі карантиндік шектеулердің жеңілдетілуіне және халықаралық әуе хабарларының қайта жандануына байланысты туристердің ОАР ұлттық валютасына сұранысының артуы аясында 0,5%-ға (14,95-тен 14,88-ге дейін) нығайды;

Ресей рублі шектеулі ұсынысқа байланысты мұнай бағасының өсуі аясында 0,3%-ға (72,88-ден 72,67-ге дейін) нығайды;

түрік лирасы 0,3%-ға (8,89-дан 8,86-ға дейін) нығайды. Үкімет айырбас бағамын қолдау үшін ұлттық валютада көрсетілген құралдардан алынған кірістер бойынша салықтық жеңілдіктерді жыл соңына дейін ұзартты;
Индонезия рупиясы теріс тәуекел-сентименті аясында 0,4%-ға (14 258-ден 14 308-ге дейін) әлсіреді. Шетелдік инвесторлар бір апта ішінде Индонезияның МБҚ салымдарын шамамен382 млн АҚШ доллары сомаға азайтты;

Бразилия реалы 0,4%-ға (5,34-тен 5,36-ға дейін) әлсіреді. Орталық банк 500 млн АҚШ доллары мөлшерінде своп аукционын өткізу туралы хабарлай отырып, ұлттық валютаны қолдауға дайын екені жөнінде белгі берді;
үнді рупиясы АҚШ доллары бағамының жаһандық нығаюы мен мұнай бағасының бір баррель үшін 80 долларға жетуі аясында 0,6%-ға (73,69-дан 74,13-ке дейін) әлсіреді;

Мексика песосы реттеушінің мөлшерлемені 4,75%-ға дейін 25 б.т. көтеруіне қарамастан, 2%-ға (20,05-тен 20,45-ке дейін) әлсіреді.
 

Сондай-ақ оқыңыз