Қазақстанға жеткізілмек болған карантинге жатқызылған өнімге тосқауыл қойылды

Жарияланды
8 күннің ішінде 72 заң бұзушылықты анықталды

Ағымдағы жылдың 24 қыркүйек пен 1 қазан күндері аралығында өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлар карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасының аумағына басқа елдерден әкелу кезінде өсімдіктер карантині саласында 72 бұзушылықты анықтады. Бұл туралы АШМ баспасөз қызметі хабарлады.

Карантиндік фитосанитариялық бақылау жүргізу кезінде фитосанитариялық талаптарға жауап бермейтін карантинге жатқызылған келесі өнімдердің әкелінуінетосқауыл қойылды:

Ресей Федерациясынан 743 тонна бидай, арпа, картоп, ноқат, қызанақ, қияр, бұрыш, қызылша, баялды, алма, банан, кептірілген жемістер, 265 м3 ағаш материалдары және 10 479 дана шөпті өсімдіктердің көшеттері және гүл дақылдарының тамырлары, Қырғызстан Республикасынан 57,2 тонна алма, алмұрт, шырғанақ, Ауғанстаннан 10 тонна кептірілген өрік Түркиядан 20 тонна кептірілген өрік, Өзбекстаннан 0,35 тонна жүзім, құрма, қауын тұқымы, жоңышқа тұқымы және 10 дана шырша көшеттері.

Нәтижесінде өсімдіктер карантині саласындағы заңнаманы бұзуға жол берген тұлғалар ҚР ӘҚБтК-нің 400-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 3,8 млн.теңге сомасына әкімшілік айыппұл салынды. Негізгі бұзушылықтар фитосанитариялық сертификаттың болмауы, таңбалаудың болмауы және карантинге жатқызылған өнімді қайталама тексеруге ұсынбау болып табылады.

Сонымен қатар, Қырғызстан Республикасынан 17 тонна алмұрт пен алма өнімдерін әкелу кезінде Қазақстан Республикасы үшін карантиндік объект – Шығыс жеміс жемірі (Grapholita molesta) анықталды.

Айта кетерлігі, 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция Комитетінің өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлары өсімдіктер карантині саласында 4,9 мың заң бұзушылықты анықтап, нәтижесінде 367,1 млн.теңге сомасына әкімшілік айыппұл салынды.
 

Сондай-ақ оқыңыз