Албанияда студенттер үшін міндетті вакцинация енгізілді
Жарияланды
Вакцинация сертификатынсыз ЖОО-на кіруге тыйым салынады
Вакцинация сертификатынсыз жоғары оқу орындарына кіруге тыйым салынады. Албанияда студенттер үшін міндетті вакцинация енгізілді.Бұл туралы Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК жұмысы туралы шұғыл ресми Telegram каналы хабарлады.
11 қазаннан бастап сабаққа қатысу үшін студенттерге COVID-19 вакцинациясының толық курсын өту туралы құжат ұсынылуы керек.
Сертификаты жоқ студенттерге вакцинацияны тікелей университет қабырғаларына қою ұсынылады. Егілмеген жастарға сабаққа дейін, тіпті қашықтан оқу режимде де жол берілмейді және оқу жылын жоғалтуы мүмкін. Албанияда барлығы 120 000 студент бар.