Жаңалықтар

Алматыда «Еуропалық Одақ- Орталық Азия» азаматтық форумы өтті

Іс-шара ЕО мен ОА-ның 300-ден астам өкілінің қатысуымен өтті

Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі Ержан Қазыхан мен Еуропа Одағының адам құқықтары жөніндегі арнаулы өкілі Имон Гилмордың тең төрағалығымен «Жарқын болашаққа жол: індеттен кейінгі тұрақты қалыпқа келу» тақырыбында «Еуропалық Одақ – Орталық Азия» азаматтық форумы өтті. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Іс-шара Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен аралас форматта ЕО мен ОА-ның 300-ден астам өкілінің қатысуымен өтті. Форумның бірегей форматы сарапшыларды, құқық қорғаушылар мен БАҚ өкілдерін бір алаңға жинауға мүмкіндік берді және Орталық Азия елдері, сонымен қатар Орталық Азия мен Еуропалық Одақ арасында ашық талқылаудың болуына ықпал етті. 

Жиынды ашқан Ержан Қазыхан форум Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында, еліміздің саяси және экономикалық үдерістерінің қарқынды жаңғыруы кезеңінде өтіп жатқанын атап өтті. Қазақстан ұзақ жолдан өтіп, айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді және өз институттарын жетілдіру жұмыстарын жалғастыруда.