Смартфон арқылы байланыссыз төлем жасау тәсілдерінің бірі QR-төлемдер болып табылады. Бұл қандай технология, ол қалай жұмыс істейді және несімен ыңғайлы. Бұл туралы Fingramota.kz сайты айтып берді.
QR-код бойынша төлем жасау не үшін қажет?
QR-кодтар бүгінде барлық жерде таралған. QR-код – бұл іс жүзінде кез келген ақпаратты шифрлауға болатын деректердің тасымалдаушысы: әріптік және цифрлық символдар, сурет, сілтемелер, визит карточкалары, сондай-ақ оқуға қажетті төлем деректері: банктік деректемелер, сатушы, сатып алынатын тауар туралы ақпарат және басқа.
Қазіргі уақытта QR-код сканері барлық смартфондарға салынған, сондықтан QR-код сатып алушылар үшін ғана емес, сатушылар үшін де қолма-қол ақшасыз төлеудің ең қолжетімді, ыңғайлы және жылдам құралдарының біріне айналды, өйткені QR-код бойынша төлемдерді карталар бойынша қабылдаудан өзгеше, қажетті жабдықсыз қабылдауға болады.
Сонымен қатар, көптеген дүкендер сатып алуды QR-код арқылы төлейтіндігіңізді ескере отырып, жеңілдіктер немесе бонустар ұсынады.
QR-код бойынша төлеу кезінде комиссия алына ма?
QR-кодтың көмегімен төлемдерді жүзеге асыру кезінде, әдетте, банктік қызмет көрсету, сондай-ақ транзакция деректерін өңдеу және беру үшін алынатын эквайринг деп аталатын комиссия бар.
Эквайринг үшін комиссия карточкалық төлемдерді, интернеттегі төлемді және басқаларды қоса алғанда, барлық қолма-қол ақшасыз төлем тәсілдерінде болады.
Бұл ретте эквайринг сауда-сервистік кәсіпорыннан алынады және оны банктер, төлем ұйымдары не төлем жүргізілетін төлем жүйесі дербес белгілейді.
Қандай QR – кодтар болады?
Кез келген сатушы кодтың мынадай екі нұсқасын пайдалана алады: статистикалық, яғни көп пайдаланатын және серпінді, яғни біржолғы.
Статистикалық QR-код сатушының төлем деректемелері, атауы, мекенжайы сияқты белгілі өзгермейтін деректер жиынтығын және т.б. қамтиды. Осындай кодтың көмегімен ақы төлеу кезінде сатып алушы қаржы институтының мобильдік қосымшасында сатып алу сомасын дербес енгізеді.
Статистикалық QR-кодтарды кассаның жанында жапсырма түрінде орналастырылатын дүкендердің сөрелерінен не қаржы институтының қосымшасынан/сайтынан көруге болады.
Серпінді QR-код, сатушының тұрақты деректерінен басқа мынадай ауыспалы деректерді қамтиды: мысалы, сатып алу сомасы, сатып алушы туралы ақпарат және басқа. Серпінді QR-код әрбір сатып алған тауар үшін жеке тағайындалады.
Сатып алғаны үшін QR-код көмегімен қалай есептеседі?
QR-код бойынша ақыны төлеу үшін мыналар қажет:
1. Қаржы инситутының мобильдік қосымшасынан «QR» белгісін тауып алыңыз, белгіні басыңыз, осы іс-қимылдан кейін камераның бейне іздеушісі ашылады.
2. Камераны QR-кодқа жақындатыңыз, сіздің телефоныңыздың экранында сатушының атуы, сондай-ақ төлем сомасы пайда болады.
3. Деректердің дұрыс көрсетілгендігін міндетті түрде тексеріңіз.
4. «Төлеу» немесе «Растау» батырмасын басыңыз. Сіздің шотыңыздан ақша алынады, ал сатушы төлем бойынша хабарлама алады.
5. Қате аударылған кезде, егер сіз дұрыс емес соманы аударсаңыз, мысалы, көрсетілген сомадан көп болса, бұл туралы сатушыға хабарлаңыз, ол артық ақшаны дереу қайтаруға тиіс.