Ақтаудағы құрылыс компаниясының басшысы 228 миллионнан астам теңгені иемденді

Жарияланды
Ақша күрделі жөндеуге және басқа қажеттіліктерге бөлінген

Маңғыстау облысының тұрғыны 200 миллионнан астам бюджет қаражатын заңсыз иемденуге тырысты, деп хабарлады Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі.

2018-2020 жылдары құрылтайшысы 100% Маңғыстау облысының Қаржы басқармасы болып табылатын «Ақтау тұрғын үй» ЖШС мен «Комфорт Строй Актау» ЖШС арасында күрделі жөндеуден кейін Ақтау қаласындағы 23 тұрғын үйді қабылдау және тұрғын үй-пайдалану қызметіне, сондай-ақ тұрғындардан ай сайынғы қайтарымды төлемдер мен тұрғын үй көмегін есепке алуды жүргізуге және қабылдауға шарт жасалды.

«Комфорт Строй Актау» ЖШС директоры Ю. Коренева заңсыз баю үшін ЖСШ-ныңесеп айырысу шоттарынан ақша қаражатын қолма-қол шешіп алу жолымен 228 миллионнан астам теңге иемденген.

Ақтау қалалық сотының үкімімен Ю. Коренева 7 жылға бас бостандығынан айырылды.
 

Сондай-ақ оқыңыз