Маңғыстау облысының тұрғыны 200 миллионнан астам бюджет қаражатын заңсыз иемденуге тырысты, деп хабарлады Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі.
2018-2020 жылдары құрылтайшысы 100% Маңғыстау облысының Қаржы басқармасы болып табылатын «Ақтау тұрғын үй» ЖШС мен «Комфорт Строй Актау» ЖШС арасында күрделі жөндеуден кейін Ақтау қаласындағы 23 тұрғын үйді қабылдау және тұрғын үй-пайдалану қызметіне, сондай-ақ тұрғындардан ай сайынғы қайтарымды төлемдер мен тұрғын үй көмегін есепке алуды жүргізуге және қабылдауға шарт жасалды.
«Комфорт Строй Актау» ЖШС директоры Ю. Коренева заңсыз баю үшін ЖСШ-ныңесеп айырысу шоттарынан ақша қаражатын қолма-қол шешіп алу жолымен 228 миллионнан астам теңге иемденген.
Ақтау қалалық сотының үкімімен Ю. Коренева 7 жылға бас бостандығынан айырылды.