Түрік адам құқықтары мен бостандықтары гуманитарлық көмек қоры (IHH) Ауғанстандағы 15 мың адамға гуманитарлық көмек көрсетті. Бұл туралы Анадолу сайты хабарлады.
IHH қоры 15 жыл бойы аймақта гуманитарлық жұмыстар жүргізді. IHH 18 миллион адам гуманитарлық көмекке мұқтаж Ауғанстанға көмек көрсету науқанын «Жалғыз қалма» ұранымен бастады.
Науқан аясында IHH қызметкерлері Кабул мен Ауғанстанның басқа қалаларында мониторинг жүргізді.
Қайырымды жандардың көмегімен мұқтаж отбасыларға азық -түлік түріндегі гуманитарлық көмек көрсетілді. Жетімдер мен мүгедектерге, ауруханалар мен босқындар лагеріне де көмек көрсетілді. Барлығы 15 мың адамға 60 тоннаға жуық гуманитарлық көмек таратылды.