Үндістанның астанасы Нью-Делиде бензин литрі 1 доллар 37 центтен сатылуда, деп хабарлайды «Хабар 24» сайты.
Бұл шамамен 580 теңге. Ал дизель отынының бір литрі 515 теңгені құрайды.
Үндістанда жанармай бағасы 25%-ға өскен. Бұған бірінші кезекте әлемдегі мұнай бағасының көтерілуі әсер етті дейді мамандар. Соның салдарынан елде газ құны көтерілген.