Жаңалықтар

Бүгін – Татарстанда қаралы күн

Ресейде Татарстанда құлаған ұшақ апатының себебі анықталғанға дейін L-410 әуе кемелері ұшуын уақытша тоқтатылды

11 қазан Татарстанда аза тұту күні болып жарияланды. Бұл туралы «Татар-Информ»  сайты хабарлады. 

Мензелинскте ұшақ апатқа ұшырауына байланысты Татарстан Республикасының Президенті Рустам Минниханов осындай бұйрық шығарды.

 «Мензелинскте құрылған штаб жиналысында Татарстан Республикасының президенті Рустам Минниханов 11 қазанды Татарстанда аза тұту күні деп жариялау туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді», – деп хабарлады Татарстан президенті баспасөз қызметінің басшысы Лилия Галимова.

Бортта 22 адам болған, олардың 16-сы қайтыс болды.