Жаңалықтар

ДДСҰ адамзат COVID-19 вирусымен күресу жолының 60% өтті деп санайды

Алайда күтпеген кедергілер әлі де болуы мүмкін

ДДСҰ адамзат COVID-19 вирусымен күресу жолының 60% өтті деп санайды. Бұл туралы ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК жұмысы туралы шұғыл ресми Telegram каналы хабарлады.

Алайда күтпеген кедергілер әлі де болуы мүмкін, – дейді ұйымның Бас ғылыми қызметкері Сумя Сваминатан. Ол әлемнің түрлі елдері мен өңірлерінде халықты вакцинациялаумен қамтудағы елеулі айырмашылыққа назар аударды. 

 Малайзия Премьер-Министрі еларалық сапарларға шектеулерді алып тастады. Мұндай шешім  мемлекеттің ересек тұрғындарының 90% – ы коронавирусқа қарсы вакцинациялану аясында қабылданды. Қаңтар айында мемлекеттер арасындағы қозғалысқа  тыйым салынды. Премьер «шетелге шығуға болады, бірақ оралғаннан кейін екі апталық карантин қажет»- деді.

 Францияда Макронның санитарлық QR кодын қолданған ауруханаға келуші ұсталды. Полиция қылмыскерге «басқа адамға тиесілі медициналық рұқсатты пайдаланғаны үшін» 135 евро көлемінде айыппұл салды. Егер айыппұл мерзімінде төленбесе, оның мөлшері автоматты түрде 750 евроға дейін артады. Ұсталған адам полицияға «жай әзілдегенім» деп ақталды.