Фармацевтика, жеңіл және химия өнеркәсібі: сұраныс артып келеді

Жарияланды
ҚР ИИДМ-де жыл басынан бері 9 айдың қорытындысы шығарылды

ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде жыл басынан бері 9 айдың қорытындысы шығарылды. Бұл туралы ҚР ИИДМ Telegram каналы хабарлады.

Фармацевтикалық өнеркәсіпте халықтың дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға сұранысын арттыру есебінен өндіріс көлемі 38,1%-ға артты. 

Жеңіл өнеркәсіпте киім (+14%) және былғары өнімдері (+8,3%) өндірісінің ұлғаюы есебінен өсім 3,8% құрады.

Дезинфекциялық құралдар мен минералдық тыңайтқыштарға (натрий бихроматы 2,6 есе, пигментті хром тотығына 2 есе) сұраныстың артуы химия өнеркәсібі өндірісінің артуына әсер етіп, өсім 3,5% құрады.
 

Сондай-ақ оқыңыз