Моңғол авиакомпаниясы Ұлан-Батырдан Алматыға тікелей рейс ашуды ұсынады.Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің Telegram каналы хабарлады.
Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Hunnu Air авиакомпаниясының директоры Мунхжаргал Пурэвжалмен кездесуде тікелей рейсті ашу перспективаларын талқылады.
Ұлан-Батырдан Алматыға тікелей рейс Моңғолиядан келген студенттер мен бизнесмендерге қажет. Сондай-ақ біздің әуежай Моңғолиядан Үндістанға және басқа елдерге ұшу үшін транзит ретінде тартымды.
Кездесу қорытындысы бойынша Б. Сағынтаев моңғолдық әуе компаниясының мүддесі мен дайындығын қолдауға ниет білдірді.