Жаңалықтар

Фиджида вакцинациядан бас тартқан 344 мұғалім жұмыстан шығарылмақ

Ұстаздарға 31 қазанға дейін уақыт берілді

Фиджидің Білім министрлігі COVID-19-ға қарсы вакцинация алмағаны үшін 344 мектеп мұғалімін жұмыстан шығармақ. Бұл туралы lenta.ru сайты  FBC News радиостанциясына сілтеме жасап хабарлады.

Елдің білім министрі Премила Кумар 130 мұғалімге коронавирусқа қарсы вакцинацияның болмауына байланысты жұмыстан шығару туралы ескертілгенін растады. Саясаткердің айтуынша, 5110 мұғалім коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші дозасын алған (барлығы 7 622 мұғалім Фиджиде жұмыс істейді).

Вакцинаның екінші дозасын әлі алмағандар оны 31 қазанға дейін қабылдауы керек.

Елдер COVID-19 өлімі мен аурушаңдығын төмендетуге үміттеніп, міндетті вакцинация енгізуде.

ДДҰ мәліметтері бойынша, коронавирус инфекциясының салдарымен байланысты өлім – жітімнің басым көпшілігі вакцинацияланбаған науқастарда болады.