Елімізде бөлшек сауда көлемі қаңтар-қыркүйекте 9186,1 млрд теңгені құрады

Жарияланды (жаңартылды )
2020 жылғы тиісті кезеңіне қарағанда 6% көп

Бөлшек сауда көлемі 2021 жылғы қаңтар-қыркүйекте 9186,1 млрд. теңгені құрады немесе 2020 жылғы тиісті кезеңіне қарағанда 6% көп. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы хабарлады.

2021 жылғы қаңтар-қыркүйекте республикадағы бөлшек сауданың жалпы көлеміндегі едәуір жоғары үлес салмақ Алматы қаласына (32,1%), Нұр-Сұлтан қаласына (11,3%), Қарағанды (8,9%) және Шығыс Қазақстан (8,7%) облыстарына келеді.
 

Сондай-ақ оқыңыз