Жаңалықтар

Қазақстанда қаңтар-тамызда 577478 жеңіл автомобиль тіркелген

2020 жылдың тиісті кезеңмен салыстырғанда 21,6%-ға көп

2021 жылғы қаңтар-тамызда Қазақстан Республикасында 577478 жеңіл автомобиль тіркелген, 2020 жылдың тиісті кезеңмен салыстырғанда 21,6%-ға көп. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы хабарлады.

Қазақстан Республикасында 2021 жылғы 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша тіркелген жеңіл автомобильдердің саны 3842,7 мың бірлікті құрады.

2021 жылғықаңтар-тамызда 8307 жол-көлік оқиғасы тіркеліп,12205 адам зардап шеккен. Өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда апаттылық 10,2%-ға көбейді.

2021 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру ұйымдары 24 млрд. теңге сомасында 53864 сақтандыру төлемін жүзеге асырды.