Талибан Ауғанстанда қауіпсіздікті күшейтпек. Бұл туралы «Хабар 24» сайты хабарлады.
Оған жақында Кандагардың оңтүстігіндегі мешітте болған жарылыс себеп. Ол кезде содырдың өзін жарып жіберуінен 30-дан астам адам көз жұмды. Сонымен қатар, 70-ке жуық адам жарақат алған.
Бұған дейін Құндыз қаласында да осыған ұқсас жағдай болған. Мешіттегі жарылыстан 150 адам қайтыс болды. 200-ден аса кісі жараланды.
Бұл лаңкестік әрекетті «Ирак және Левант» лаңкестік ұйымының бір бөлімі ұйымдастырғаны белгілі болды.