Жаңалықтар

Ливанда парламенттік сайлаудың күні белгіленді

Шешім елдің жоғары заң шығарушы органының отырысында қабылданды

Ливанда парламенттік сайлау 2022 жылы 27 наурызда өтеді. Тиісті шешім елдің жоғары заң шығарушы органының кезекті отырысында қабылданды, деп хабарлайды Анадолу сайты.

Ливанда соңғы парламенттік сайлау 2018 жылдың мамырында өтті.

Келесі сайлау 2022 жылдың мамырына белгіленген болатын. Алайда мұсылмандардың қасиетті Рамазан айына байланысты сайлау 2 ай бұрын кейінге шегерілді.