Әзірбайжан халқының саны 0,3% өсті

Жарияланды
2021 жылдың 1 қыркүйегіне республика халқының саны 25,9 мыңға өсті

Әзірбайжан халқы 2021 жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша 10 145 451 адамға жетті, бұл жыл басынан бері 25 948 адамға немесе 0,3 пайызға өсті. Бұл туралы Анадолу сайты Әзірбайжанның Мемлекеттік статистика комитетіне сілтеме жасап хабарлады.

Мемлекеттік статистика комитетінің мәліметі бойынша республика халқының 49,9 пайызын ерлер, 50,1 пайызын әйелдер құрайды.

Халықтың жартысынан көбі (53 пайыз) қалаларда, 47 пайызы ауылдық жерлерде тұрады.
 

Сондай-ақ оқыңыз