Байден Қытаймен қырғи қабақ соғысты қаламайтынын мәлімдеді

Жарияланды
Бірақ АҚШ өз позициясынан бас тартпайды

АҚШ президенті Джо Байден Қытаймен қырғи қабақ соғысқа ұмтылмайтынын айтты, бірақ Вашингтон өз  позициясынан  бас тартпайды. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.

 «Мен Си Цзиньпинмен әлемнің кез келген көшбасшысына қарағанда бірнеше рет сөйлестім. Сіз естуіңіз мүмкін: «Байден Қытаймен жаңа суық соғыс бастағысы келеді». Мен Қытаймен суық соғыс болғанын қаламаймын», – деді Байден сайлаушылармен сөйлесу кезінде CNN телеарнасында.

Сонымен бірге, ол АҚШ -тың позициясынан шегінбейтінін және өзінің көзқарасын өзгертпейтінін баса айтты.

 

Сондай-ақ оқыңыз