Жаңалықтар

Латвияда карантинді бұзғандар 5000 евро төлейді

Карантин 15 қарашаға дейін жалғасады

Латвияда коронавирус карантинін бұзушыларға 5000 евро төлеуге тура келеді. Бұл туралы ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК жұмысы туралы шұғыл ресми Telegram каналы хабарлады.

Елде жарияланған локдаунға байланысты қатаң шектеулер енгізілгені белгілі.

Осылайша, құқық бұзушы азаматтарға әкімшілік тәртіппен 10-нан 2000 еуроға дейін, ал заңды тұлғаларға 140-тан 5000 еуроға дейін айыппұл салынуы мүмкін. Карантин 15 қарашаға дейін жалғасады.

Елдің барлық мемлекеттік органдары антиковидтік шектеулердің сақталуына жауапты деп жарияланды. Талаптардың бірі коменданттық сағаттың кешкі 8-ден таңғы 5-ке дейін қолданылуын қарастырады.