Маңғыстау облысында жергілікті желінің 162 шақырымы жаңартылуда
Биыл өңірде 14 автожол жобасы іске асырылуда. Жұмыстармен облыстық және аудандық маңызы бар жолдардың 161,5 шақырымы қамтылған. Бүгінге дейін соның 29 шақырымы жаңартылған. Бұл туралы ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Telegram каналы хабарлады.
Атап айтқанда, жалпы ұзындығы 129 шақырым болатын 6 жолдың реконструкциясы іске асырылуда. Бұл облыстық және аудандық маңызы бар «Ақтау-Форт-Шевченко», «Хонда орталығынан Өмірзақ кентіне дейінгі жол», «Жыңғылды-Шайыр-Шерқала жері», «Шетпе – Қызан» автожолдары және Басқұдық ауылының айналасындағы автожол. Мұнда жер төсемін орнату және асфальт төсеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Бұдан бөлек, ұзындығы 32,5 шақырым болатын жергілікті желі учаскелерін орташа жөндеу бойынша 7 жоба жүзеге асырылуда: облыстық маңызы бар «С. Шапағатов ауылы – әуежай» автожолы және аудандық маңызы бар «Жаңаөзен әуежайына кіреберіс», «Жоғарғы Мұнайшы кентіне кіреберіс», «Жаңаөзен – Құланды», «Маңғышлақ ст.-Карьер-400», «Шайыр кентіне кіреберіс», «Қызылөзен ауылына кіреберіс» жолдары.
Маңғыстау облысындағы жергілікті желі жолдарының ұзындығы 1 942 шақырымды құрайды. Соның 94%-ы нормативтік жағдайда. Жыл қорытындысы бойынша аталған көрсеткішті 95%-ға жеткізу көзделген.