Жаңалықтар

Қырғызстанда жұмыссыздар саны артты

Жұмыссыздар саны өткен жылмен салыстырғанда 3,4 пайызға артқан

Қырғызстанда жұмыссыздар саны өткен жылмен салыстырғанда 3,4 пайызға артқан. Бұл туралы 24.kg сайты Еңбек, әлеуметтік қамсыздандыру және көші-қон министрлігіне сілтеме жасап хабарлады.

Мәліметтерге сәйкес, 2021 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша Қырғызстанда 104 мың адам жұмыссыз.

Жұмыссыздардың ең жоғары пайызы Жалал-Абад облысында тіркелді, онда 22 мың 195 адам тұрақты жұмысы жоқ немесе облыс халқының 1,79 пайызы. Ең төменгі көрсеткіш Нарын облысында – 2 мың 877 адам немесе жалпы халықтың 0,9 пайызы.

Жұмыссыздардың 46 пайызын әйелдер құрайтыны атап өтілді.