Жаңалықтар

Трамп жынысы «X» деп көрсетілген төлқұжаттарды сынға алды

Ол бұл жағдай өз елінде болып жатқанына сенбейді

АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп гендерлік «Х» мөрі бар төлқұжат алған алғашқы американдықтың жарияланғанына таңданып, оның өз елінде болуы мүмкін екеніне күмән келтірді. Бұл  туралы РИА Новости хабарлады.

Бұған дейін Мемлекеттік департамент Америка Құрама Штаттарында үшінші жыныспен берілген бірінші төлқұжат туралы жариялаған болатын – сәйкес бағанда ер немесе әйелдің орнына «Х» белгісі бар. Америка билігі процедуралар мен құжаттарды 2022 жылдың басына дейін жаңартуды күтуде, содан кейін әрбір өтініш беруші осындай белгісі бар төлқұжат ала алады.

 «Бұл шынымен біздің елде болып жатыр ма?» – деп жазды Трамп өзінің Telegram аккаунтында.