АҚШ президенті Джо Байден Шотландияның Глазго қаласында өткен климаттық саммитте ұйықтап кете жаздады. Саясаткер барған саммит өтетін жерден түсірілген видео RT Telegram арнасында жарияланған. Бұл туралы lenta.ru сайты хабарлады.
Бейнежазбаға қарағанда, америкалық көшбасшы бір минут бойы сергек тұруға тырысып, анда-санда бірнеше секундқа көзін жұмған. Артынша президент әкімшілігінің қызметкері оған сұрақпен келіп, Байден ақыры оянды. Жұмысшы мемлекет басшысынан алшақтап кеткен соң, көзін уқалап, баяндамашыларды тыңдай берді.
29 тамызда Байденнің Израиль премьер-министрі Нафтали Беннеттпен өткізген баспасөз мәслихатында ұйықтап қалғаны хабарланды. Кездесу барысында Израиль үкіметінің басшысы американдық және израильдік халықтар арасындағы достықтың жаңа кезеңі туралы айтты. Бұл кезде АҚШ басшысы оның алдында көзін жұмып қимылсыз отырды.