Инвестиция

Қазақстанда сүт өнімдері таңбаланбайтын болды

Тек экспортқа шығарылатын тауарлар таңбалануы тиіс

Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Қазақстанда сүт өнімдерін таңбалау енгізудің негізсіз қатысты позициясы Үкімет тарапынан қолдау тапты, деп хабарлайды баспасөз қызметі.  Айта кетейік, сүт таңбалау пилоттық жобасы елімізде 2020 жылдың 1 қазанында іске қосылған. 

 «ҰКП сарапшылары бизнес-қоғамдастық өкілдерімен бірлесіп, екі жыл бойы сүт өнімдерін міндетті таңбалауды енгізуге жол бермеу үшін жұмыс істеді. Таңбалауды енгізу мәселесі отандық кәсіпкерлердің алдында Ресей Федерациясының өз елінде және ЕАЭО-да таңбалауды енгізу жөніндегі бастамасынан кейін туындады. Ауыл шаруашылығы министрлігінің деректері бойынша, Қазақстанда сүт өнімдерін өндірушілердің 85%-ы өнімді ішкі нарықта сатады» делінген хабарламада. 

 ҰКП мамандары тез бұзылатын сүт өнімдерін таңбалау  – Қазақстан үшін артық деп санайды. Өйткені сүт өнімдерін тасымалдау, сатуда тауарлар міндетті түрде құжаттамалық және физикалық тұрғыда мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауға жатады, ал кейбір жағдайларда қосымша зертханалық зерттеулер қажет етіледі. Өнімнің тасымалдануын қадағалау үшін мемлекеттік кірістер органдары электронды шот-фактуралар (ЭШФ), тауарларға жөнелтпе жүкқұжат, «виртуалды қойманы» қолданады.

 Сүт таңбалау пилоттық жобасы елімізде 2020 жылдың 1 қазанында іске қосылған. Аралық нәтиже ішкі нарықта әзірге өндірістік процесті бұзбай кәсіпорындарға біріктіруге болатын техникалық шешімдер жоғын көрсетті: жұмыстағы олқылықтар, өндірістік тізбектер баяу. Қаптаманың кейбір түріне жабдық таңдау емес.

 2021 жылдың қазанында үкімет ішкі нарыққа шығатын өнімдерді таңбалау негізсіз деп таныды, ЕАЭО нарығына экспорттаушы компаниялар ғана өз өнімін таңбалайды.

Ал  Ресей Федерациясындаңы міндетті таңбалау мерзімі:

•    2021 жылғы 1 маусымынан – ірімшік пен балмұздақ;
•    2021 жылғы 1 қыркүйектен – жарамдылық мерзімі 40 тәуліктен астам өнімдер;
•    2021 жылғы 1 желтоқсаннан – жарамдылық мерзімі 40 тәуліктен аз өнімдер.

 Беларусь Республикасындағы міндетті таңбалау мерзімі:

•    2021 жылғы 8 шілдеден – ірімшік пен балмұздақ;
•    2021 жылғы 1 қыркүйектен – жарамдылық мерзімі 40 тәуліктен астам өнімдер;
•    2021 жылғы 1 желтоқсаннан – жарамдылық мерзімі 40 тәуліктен аз өнімдер.