Абай ауданы Гагарин көшесі бойындағы 5 қабатты тұрғын үйдің 4-қабатынан бала құлап түскені туралы хабар 2021 жылғы 30 қазанда сағат 23.18-де келіп түскен.Бұл туралы Шымкент қаласының ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.
Оқиға орнына Шымкент қаласы ТЖ департаментінің мамандары барып, 2017 жылғы ұл бала ата-анасының қарауынсыз қалып, баспалдақ аралығындағы терезеден құлағанын анықтады. Жедел түрде ауыр халде болған бала ауруханаға жеткізілді, өкінішке орай ол қайтыс болды.
«112» құтқару қызметіне балалардың ашық терезелерден құлағаны туралы мерзімді түрде хабарламалар келіп тұрады. Төтенше жағдайлар департаменті ата-аналарды балаларды қараусыз қалдырмауға шақырады, әсіресе ашық терезелердің жанында.
Жыл басынан бері Шымкент қаласының аумағында балалардың терезеден құлауының 7 жағдайы тіркелді. Төрт жағдайда балалар қайтыс болды, үшеуінде балалар жарақат алды