Дамушы нарықтар валюталарының серпіні әртүрлі бағытта болды
Сауда-саттық қорытындысы бойынша, 29 қазанда теңгенің нарықтық бағамы бір апта ішінде 0,2%-ға (426,32 теңгеден) әлсіреп, бір АҚШ доллары үшін 427,11 теңге деңгейінде қалыптасты. Бұл туралы ҚР Ұлттық Банк баспасөз қызметі хабарлады.
Дамушы нарықтар валюталарының серпіні әртүрлі бағытта болды. АҚШ ФРЖ Төрағасы елдегі инфляцияның жоғары деңгейіне қатысты күткеннен де ұзақ сақтау ықтималдығы туралы хабарлады. ЕОБ отырыс қорытындысы бойынша, АКС өлшемдерін өзгеріссіз сақтап қалды, бірақ жоғары инфляция кезеңінің болжамдардан асып түсетінін және баға өсімі бәсеңдеуінің 2022 жылға ауысатынын мойындады. 2021 жылдың 3-тоқсан қорытындысы бойынша, АҚШ-тың ІЖӨ 2%-ға тоқ./тоқ. ұлғайып (талдаушылардың болжамынан төмен) бәсеңдеді.
Дамушы елдер валюталарының АҚШ долларына қатысты бағамдарының[1] серпіні төмендегідей қалыптасты:
Бразилия реалы фискальды қағидалардың ықтимал бұзылуынан инфляциялық күтулердің күрт көтерілуіне байланысты Орталық банк мөлшерлемесінің 7,75%-ға дейін (1,5 п.т.) артуы аясында 0,2%-ға (5,65-тен 5,64-ке дейін) нығайды;
үнді рупиясы бір апта ішінде 74,9-дан 74,88-ге дейін нығайып, өзгерген жоқ. Аптаның басында АҚШ доллары бағамының жаһандық нығаюы бағамға теріс әсер етті, бірақ апта соңына қарай мұнай бағасы төмендеуінің қарқын алуы ұлттық валютаға оң әсерін тигізді;
түрік лирасы бір апта ішінде 9,61 деңгейінде қалып, өзгерген жоқ. Президенттің Түркиядан10 батыс елшісін жіберуден бас тартуы аясында дипломатиялық шиеленістің бәсеңдеуі Түркия ұлттық валютасының әлсіреуін тоқтатты;
Индонезия рупиясы бейрезиденттердің борыш нарығынан кетуі (қазан айында жалпы кету шамамен $780,5 млн болды) салдарынан 0,3%-ға (14 123-тен 14 168-ге дейін) әлсіреді;
Ресей рублі мұнай бағасының төмендеуі және экспорттаушылардың салық төлеу кезеңінің аяқталуы аясында 0,4%-ға (70,54-тен 70,84-ке дейін) әлсіреді;
Мексика песосы 2021 жылдың 3-тоқсанында ІЖӨ-нің 0,2%-ға тоқ./тоқ. қысқарғаны туралы деректердің шығуы аясында 1,9%-ға (20,18-ден 20,56-ға дейін) әлсіреді;
Оңтүстік Африка ранды ЕМ өңіріндегі ең төменгі кірістіліктің біреуінің (3,5%) сақталуына байланысты жергілікті борыш нарығы тартымдылығының төмендеуі аясында 2,8%-ға (14,83-тен 15,24-ке дейін) әлсіреді.