Жаңалықтар

Air Canada 800-ден астам қызметкерін екпеден бас тартқаны үшін жұмыстан шеттетті

Компания қызметкерлерінің 96 пайызы екпе алды

Канаданың ең ірі Air Canada әуе компаниясы 800-ден астам қызметкерін коронавирусқа қарсы екпеден бас тартқаны үшін жұмыстан шеттету туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды РБК.

Компания директоры Майкл Руссоның айтуынша, қызметкерлердің 96 пайызы толығымен вакцинацияланған.

 «Екпе алмаған немесе медициналық және басқа да рұқсат етілген жәрдемақылары жоқ қызметкерлер ақысыз демалысқа жіберілді», – деді ол.

Бұған дейін премьер-министр Джастин Трюдо 30 қазаннан бастап Оттава федералды реттелетін авиация, теміржол және жүк тасымалдау компанияларынан қызметкерлерге міндетті вакцинация саясатын енгізуді талап ететінін мәлімдеді. Әуе компанияларына қойылатын талаптарды бұзғаны үшін 25 мың долларға дейін, ал теміржол және кеме қатынасы үшін 250 мың долларға дейін айыппұл қарастырылған.

Естеріңізге сала кетейік, Канада 7 қыркүйектен бастап толық екпе алған шетелдіктердің елге кіруіне рұқсат берді.

Бекітілген вакцина өнімдеріне Pfizer-BioNTech, Moderna, AstraZeneca, COVISHIELD және Janssen / Johnson & Johnson кіреді.